Бокс

Базарбайұлы Таиландтағы турниге іріктеуде Зейнуллиновтен басым түсті

Базарбайұлы Таиландтағы турниге іріктеуде Зейнуллиновтен басым түсті
ҚБФ

Астанада бокстан спаррингтік турнирде ерлер арасында 63,5 келідегі жекпе-жек өтті.

Жартылай финалға жолдама үшін Ертуған Зейнуллинов пен Мұхамедсабыр Базарбайұлы жұдырықтасып, төрешілер бұл кездесуде жеңісті 4:1 есебімен Базарбайұлына берді. Бұған дейін де Зейнуллинов Қазақстан Спартакиадасында Базарбайұлынан жеңілген еді.

Енді Мұхамедсабыр Базарбайұлы жартылай финалда Жандос Қарабалиевпен кездеседі.


Басқа спорттық жаңалықтар