Теннис

Александр Бублик Монакодағы турнирдің бірінші айналымынан аса алмады

Александр Бублик Монакодағы турнирдің бірінші айналымынан аса алмады
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Монте-Карлодағы турнирдің екінші айналымына өте алмады.

Бірінші айналымда Бублик хорватиялық теннисші Борна Чоричпен бір сағаттай уақыт ойнап, 1:6, 1:6 есебімен ұтылды. Осылайша, қазақстандық теннисші жекелей сында жарыс жолын аяқтады. 

Айта кетейік, Монте-Карлодағы (Монако) турнир 7-14 сәуір аралығында өтеді.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 5 950 575 еуро.

Басқа спорттық жаңалықтар