Кәсіби бокс

Америкада Әлімханұлының Канело қорқатын боксшымен айқасқысы келтініне таңдануда

Америкада Әлімханұлының Канело қорқатын боксшымен айқасқысы келтініне таңдануда
Top Rank

Америкалық Thaboxingvoice Youtube арнасы орта салмақтағы IBF және WBO титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) суперорта дививзионда WBC ұйымының "уақытша" чемпионы Давид Бенавидесті (28-0, 24 КО) жекпе-жеке шақырғанына бас шайқап тамсанып отыр.

Жәнібек Канелоның өзі сескеніп жүрген америкалықпен жекпе-жек үшін екінші орта салмақққа көтерілуге дайын екенін мәлімдеген.

"Ант етейін, Жәнібек Әлімханұлы жоғары салмаққа өтуге дайын екенін естідім, солай ғой? Давид Бенавидеспен жұдырықтасу үшін? Иә, мүмкін адамдар айтар: "О, тағы бір 160 фунттық боксшы!", деп. Бірақ Бенавидесті әйтеу біреу айқасқа шақырды-ау. Маған Жәнібек ұнайды. 160 фунтта емес, 168 фунтта оның Бенавидеспен айқасы тамаша болады", - дейді арна авторы.

Басқа спорттық жаңалықтар