Футбол

Нұралы Әліптің командаласы Сауд Арабиясына кетуі мүмкін

Нұралы Әліптің командаласы Сауд Арабиясына кетуі мүмкін
Global Look Press

Ресейлік «Зенит» шабуылшысы Матео Кассьерра Сауд Арабиясының чемпионатына өтуі мүмкін. Бұл туралы журналист Хулиан Капера Twitter желісінде жазды. 

«Әл-Шабаб» 26 жастағы ойыншыға ұсыныс жасап қойған екен. Ал «Әл-Иттихад» Кассьерраны франциялық Карим Бензема командадан кеткен жағдайда орнын алмастыратын ойыншы ретінде қарастырып отыр.

Колумбиялық футболшының агенті Никос Петропулос қазіргі таңда Сауд Арабиясында жүрген көрінеді.

Кассьерра «Зенит» сапында 2022 жылдан өнер көрсетіп келеді.

Айта кетейік, петерборлық команда сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп те ойнап жүр. 

Басқа спорттық жаңалықтар