Бокс

Бокстан лицензиялық турнирге іріктеудің бірінші күнінің кестесі

Бокстан лицензиялық турнирге іріктеудің бірінші күнінің кестесі
Сурет: Нұрғали Жұмағазы

Бүгін, 8 сәуір күні Астанада Таиландтағы лицензиялық турнирге қатысатын боксшыларды іріктеу бәсекесі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. Кездесу аясында жеті кездесу жоспарланған. Оның бірі финалдық жекпе-жек. Әйелдер арасында 50 келі салмақта Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбай өзара мықтыны анықтайды.

Бірінші жарыс күні шаршы алаңға шығатын жұптар:

Мұхамедсабыр Базарбайұлы - Ертуған Зейнулинов (63,5 келі, 1/4 финал);

Алуа Балқыбекова - Назым Қызайбай (50 келі, финал);

Балауса Мұздыман - Жайна Шекербекова (54 келі, 1/4 финал);

Элина Базарова - Ұлжан Сәрсенбек (54 келі, 1/4 финал);

Дина Жоламан - Сымбат Әлиасқар (54 келі 1/4 финал);

Сәния Сұлтанқызы - Анель Сақыш (54 келі, 1/4 финал);

Дариға Шәкімова - Наталья Богданова ( 66 келі, 1/4 финал).

Басқа спорттық жаңалықтар