Гимнастика

Ілияс Азизов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Ілияс Азизов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды
olympic.kz

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы кезекті турнир өтіп жатыр. Аталған сында қазақстандық Ілияс Азизов екінші орын иеленді, деп хабарлайды ҚР ҰОК.

Еркін жаттығуда Азизов 14.200 ұпаймен күміс жүлдегер атанды. Бұл бәсекеде алтын медальді Украина, қоланы Болгагия атлеті иеленген.

Ал гимнастикалық ат снаряданда Ілияс 14.600 ұпаймен көш бастап, алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетелік, бұл Ілияс Азизовтың халықаралық турнирлердегі көптен күткен жеңісі.

Басқа спорттық жаңалықтар