Футбол

"Барселонаның" 17 жастағы таланты Хави туралы ойын айтты

"Барселона" ФК

Барселонаның» вингері Ламин Ямал өзінің өмірін каталондық команданың бас бапкері Хавидің қалай өзгерткені жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды aladop.kz. 

Жас футболшы «Барселонаның» негізгі құрамына қосып, мүмкіндік бергені үшін испаниялық маманға алғысын айтты.

Естеріңізде болса, Ламин Ямалдың «Барселонадағы» дебютті матчы 2023 жылы 29-шы сәуірде болған еді. Ол кезде испаниялық талант небары 15 жаста болатын.

«Менің және отбасымның өмірін түбегейлі өзгертті. Жаттығу мен сабаққа баратын 15-тегі баладан негізгі құрамның ойыншысына айналдым», - дейді футболшы. 

Осы маусымда жартылай қорғаушы «Барселона» қатарында барлық турнирде 40 ойынға қатысып, алты рет мергендік танытқан. Сондай-ақ, Ламин Ямал әріптестеріне 7 голдық пас шығарып берді. 16 жасар футболшы осы маусымда алаңда 2238 минут өткізген.

Басқа спорттық жаңалықтар