Футбол

"Астананың" шетелдік ойыншысы отанына оралды

Transfermarkt

«Астананың» футбол клубында өнер көрсеткен белоруссиялық қорғаушы Артем Рахманов өз елінің чемпионатына оралды.

33 жастағы футболшы Бресттің «Динамо» командасына қосылды, келісімшарт маусым соңына дейін жасалған. Рахманов астаналық командаға 2022 жылы қосылып, сол жылы чемпион атанды. Ал 2023 жылы қазақстандық клубтан кетті. «Астана» үшін Артем 14 матчте өнер көрсетіп, 1 ассистпен ғана ерекшеленген. 

Басқа спорттық жаңалықтар