Футбол

Қазастан құрамасының бапкері қай клубқа кететіні айтылды

Қазастан құрамасының бапкері қай клубқа кететіні айтылды
ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жуырда қызметінен кететінге ұқсайды.

"Серый CARDINAL" телеграм арнасының мәліметінше, Адиев жақын арада грозныйлық "Ахмат" клубын жаттықтыра бастайды.

"Грозныйлық клуб қазір қиын жағдайда. Қолда бар мәлімет бойынша, бастапқыда Адиев "Ахматқа" маусым аяқталысымен бару керек болған. Алайда "Рубиннан" ұтылып, турнир кестесінің ең түбіне түсіп кетуге жақын қалуы (соңғыдан алдыңғы орынға дейін айырмашылық 3 ұпай ғана) шешенстандық клуб басшылығын асықтыратын сияқты", - деп жазады дереккөз.

Басқа спорттық жаңалықтар