Футбол

"Ордабасы" мен "Тобылдың" экс қорғаушысы шетелдік чемпионатқа ауысады

"Ордабасы" ФК

Қазақстанның премьер-лигасында біраз командада өнер көрсеткен нигериялық қорғаушы Чиди Осучукву енді Малай чемпионатында өнер көрсетпек. Чиди Осучукву Малайзия чемпионатына ауысатын болды.

Футболшы «ПДРМ» командасымен келісімшартқа отырды деген ақпарат бар. Нигериялық футболшы ҚПЛ-де «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран» сынды командаларда ойнаған. Соңғы клубы павлодарлық «Ақсу» болатын. Жалпы, Чиди Осучукву 52 матчқа қатысып, 5 рет нәтижелі соққы жасаған. Сондай-ақ, футболшы өзінің спорттық мансабында Португалия, Беларусь, Ресей біріншіліктерінде де өз бағын сынап көрді.

Еске салайық, Чиди Осучуквудің жаңа клубы былтыр Малайзия кубогі жолында топ жарған болатын. 

Басқа спорттық жаңалықтар