Футбол

Ибрагимович ұлттық құрама сапында қоштасу матчін өткізеді

Ибрагимович ұлттық құрама сапында қоштасу матчін өткізеді
AFP 2024 / JONATHAN NACKSTRAND

Швециялық әйгілі футболшы Златан Ибрагимович ұлттық құрама сапында соңғы матчін өткізеді.

Швеция құрамасы Златан Ибрагимовичтің құрметіне қоштасу ойынын өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Кездесу 8 маусымда «Френдс Арена» стадионында Сербия құрамасы қарсы болады.

Футболшы былтыр созылмалы тізе жарақатына байланысты үлкен спортпен қош айтысқан еді. Златан футболшы мансабында ұлттық құрама сапында 122 ойын өткізіп, 62 гол соққан. Ол сондай-ақ ұлттық құрамасының сапында ең үздік сұрмерген атағына ие болған. Әйгілі футболшы Швецияның 12 мәрте үздік ойыншысы атағын жеңіп алған. 2013 жылы үздік голы үшін Пушкаш премиясына лайық деп танылды.

Шабуылшы клубтық деңгейде «Мальме», «Аякс», «Ювентус», «Интер», «Барселона», «Милан», ПСЖ, «Манчестер Юнайтед» және «Лос-Анджелес Гэлакси» клубтарында ойнаған.

Қазіргі таңда Ибрагимович «Милан» клубының құрылтайшысы Джерри Кардиналенің кеңесшісі қызметін атқарады.

Басқа спорттық жаңалықтар