Теннис
Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирінің финалына шықты

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында теннистен әлем чемпионаты Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің финалына шыққан командалар анықталды.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жартылай финалда Гонконг командасымен кездесті.
Бірінші ойында Хақназар Жеткербай Кайл Ванды 6:2, 6:3 есебімен жеңіп, Қазақстанды алға шығарды.
Екіншісінде Ахмади Мақанов Чой Вангқа есе жіберді — 0:6, 3:6.
Жұптық сында Ахмади Мақанов пен Хақназар Жеткербай Ван — Чуйды тізе бүктірді — 7:5, 2:6, 10:3.
Осылайша, 14 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет іріктеу турнирінің финалына жолдама алды. Ертең Сағадат Аяптың шәкірттері финалда Жапониямен бас жүлдені сарапқа салады.
Источник: КТФ