Юлия Путинцева: «Үлкен белестерді бағындыруға командамен дайынбыз «

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы «Билли Джин Кинг кубогы» командалық әлем чемпионатының іріктеу матчтарына белсенді дайындалуда.
Зарина Дияс өзінің ұлттық құрама сапындағы қызықты естеліктерімен бөлісті: «Мен ұлттық құрамадағы алғашқы ойынымды он бес жасымда өткіздім. Бұл дәл осы Австралияда, Перт қаласында болды. Мен жұпта ойнадым, біз 6:0, 6:0 есебімен ұттық. Жалпы, мен Австралияда бірнеше рет ойнадым-жеке турнирлер де, ұлттық құраманың сапындағы матчтары да болды. Маған мұнда ұнайды, жалпы атмосфера жақсы».
Юлия Путинцева Ұлттық құрамадағы матчтардың ол үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті: «Ұлттық құрамада ойнау әрқашан жауапты. Мен 100% беріліп жұмыс жасаймын. Мүмкін, құпиясы осы шығар. Командадағы атмосфера әрқашан шабыттандырады. Біз әрбір қарсыласқа байыпты дайындалып жатырмыз. Керемет команда бар және біз көп жетістіктерге қол жеткізе алатынымызға сенемін». Қазақстандық телекөрермендер үшін матчтарды Sport+Kazakhstan телеарнасы тікелей эфирде көрсететінін атап өтеміз. Австралияға қарсы алғашқы ойын 10 сәуірде сағат 7:00-де басталады. Колумбия құрамасымен матч 11 сәуірде Қазақстан уақыты бойынша сағат 7:00-де өтеді.
Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!
Источник: КТФ