Бокс

Әуесқойдағы Қазақстанның үздік боксшысы анықталды

Әуесқойдағы Қазақстанның үздік боксшысы анықталды
instagram.com/boxingkazakhstan/

Әйгілі BoxRec.com порталы әуесқойдағы қазақстандық ең мықты боксшылар рейтингін жаңартты.

Тізімде бірінші 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов тұр. 51 келіде өнер көрсететін Сәкеннің рекорды 69-21. Бибосынов - 2021 жылғы әлем чемпионы және 2019 жылы әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанған.

Екінші орында 99-20 рекордымен Асыланбек Шымбергенов (72 кг) тұр. Асыланбек әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы.

Үздік үштікте соңғы Махмұт Сабырхан (66-8). 57 келідегі Махмұт былтыр өткен ӘЧ-де чемпион, ал 2021 жылы өткен ӘЧ мен 2022 жылғы Азия біріншілігінде күміс жүдегер болған.

Топ-10 тізімде Нұрбек Оралбай (56-14), Серік Теміржанов (49-21), Санжар Тәшкенбай (38-6), Дулат Бекбауов (38-15), Айбек Оралбай (53-7), Ертуған Зейнуллинов (31-13) және Бекзат Нұрдәулетов (51-15) бар.

Басқа спорттық жаңалықтар