Дзюдо

Дзюдодан Олимпиадаға жолдама берілетін соңғы турнир Астанада өтеді

Дзюдодан Олимпиадаға жолдама берілетін соңғы турнир Астанада өтеді
Халықаралық дзюдо федерациясы

Париж Олимпиадасына жолдама беретін Qazaqstan Barysy Grand Slam атты соңғы турнир Астанады өтеді, деп хабарлайды дзюдо федерациясы. 

Жарыс 10-12 мамыр күндері Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Бұл турнир 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына ұпай беретін соңғы Grand Slam кезеңі болмақ.

Еске салайық, бұл жарыста IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді:

І орын үшін 1000,

ІІ орын үшін – 700,

ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептеледі.

Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.

Басқа спорттық жаңалықтар