Теннис

Қазақстанның екінші ракеткасы әлемдік рейтингте көтерілді

Қазақстанның екінші ракеткасы әлемдік рейтингте көтерілді
olympic.kz

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингісінде ТОП-50-ге жақындады.

Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына шығуы нәтижесінде Ю.Путинцева 68-ден бірден 52-орынға көтерілді. Өз спорттық жолында 2017 жылы 27-сатыға дейін жеткен қазақстандық теннисшінің бұдан былай да өз көрсеткішін жақсартып, Париж олимпиадасында ел намысын сәтті қорғауына мүмкіндігі бар.

Юлия Путинцева осы аптада Чарльстон (АҚШ) WTA 250 жарысында өнер көрсетеді. Оның алғашқы қарсыласы – аустралиялық Арина Родионова. Аринаны жеңсе, екінші айналымда украиналық Леся Цуренко күтіп тұр.

Өткен жылы Ю.Путинцева Чарльстонда екінші айналымнан аса алмаған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар