Теннис
Рыбакина Майамидегі турнирдің финалында ұтылды
twitter.com/WTA
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) WTA 1000 санатындағы турнирдің финалында жеңіліп қалды.
Рыбакина жарыстың ақтық сынында WTA рейтингінде 53-орында тұрған америкалық Даниэль Коллинзпен кездесті.
Ол қарсыласынан 5:7, 3:6 есебімен екі сетте ұтылды.
Қазақстандық теннисші 2 сағат 2 минутқа созылған матч кезінде бес эйс жасап, 11 брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды. Оның қарсыласы 4 эйс пен үш қос қателік жасады. Жеті брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Рыбакина екінші жыл қатарынан осы жарыстың титулын жеңе алмады. Ол былтыр да финалға дейін жетіп, соңғы ойында чехиялық теннисші Петра Квитоваға есе жіберген еді.