Футбол

"Жеңіс" шабуыл шебін грузиялық ойнышымен күшейтті

"Жеңіс" ФК

Астаналық "Жеңіс" футбол клубы 26 жастағы грузиялық шабуылшы Ираклий Бидзинашвили сапына қосты. 

"Ираклий мансабын «Сабуртало» футбол клубында бастады. Сондай-ақ ол армяндық «Арцах», латвиялық «Елгава» және грузиндік «Дила» командаларында ойнаған. Бидзинашвилидің соңғы командасы Батумидің «Динамо» футбол клубы болды, оның сапында шабуылшы Грузия чемпионы атанды.

Грузияның әртүрлі жастар құрамаларында ойнаған және Еуропа жарыстарында тәжірибесі бар", - делінген клуб хабарламасында. 

Басқа спорттық жаңалықтар