Бокс

Алтын! Дархан Дүйсебай Халықаралық турнир финалында өзбек қарсыласын жеңді

Алтын! Дархан Дүйсебай Халықаралық турнир финалында өзбек қарсыласын жеңді
instagram/darkhan_duisebay

Қазақстандық боксшы Дархан Дүйсебай Бакуде өткен "Ұлы жібек жолы" атты халықаралық турнирде финалдық айқасын өткізді.

71 келідегі шешуші айқаста ол өзбекстандық Бегзод Хамидовпен жұдырықтасты. Үш раунд қортындысы бойынша төрешілердің бөлек шешімімен қазақ боксшы жеңіске жетті.

Бұған дейін Талғат Сырымбетов (60 кг) құрама қоржынына алтын салды. Ал Тимур Қабдешов (54 кг) пен Теміртас Жүсуіпов (48 кг) финалда жеңіліп, күміс жүлдегер атанған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар