Теннис

Қазақстандық Ева Корышева Аустралиядағы жарыстың жартылай финалында ойнайды

 Қазақстандық Ева Корышева Аустралиядағы жарыстың жартылай финалында ойнайды

«Мельбурн парк» корттарында ATF Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy турнирінің топтық бәсекелері аяқталды.

А тобында бірінші орын алған Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, 14 жастағы Ева Корышева бүгін таңмен үндістандық Харита Ванкатешті 6:1, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ Ева бүгін түсқайта жартылай финалда жаңазеландиялық Яшвита Реддимен кортқа шықты. Есеп Корышеваның пайдасына 5:1 болған мезетте матч жаңбырға байланысты тоқтатылып, ертеңге қалдырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан алғаш болып Әмір Омархановтың жартылай финалға өте алмағанын жазған едік.


Дереккөз: ktf.kz

Басқа спорттық жаңалықтар