Дзюдо

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінде 9 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінде 9 жүлде жеңіп алды
kaz_judoteam

Дзюдодан Қазақстанның жастар құрамасы Португалияның Анадия қаласында өткен Еуропа кубогінде 9 жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР дзюдо федерациясы.

Бұл турнирде қазақстандық жас балуандар 1 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдеге ие болды. Атап айтқанда: Талғат Орынбасар (60 кг) чемпион атанса, Азат Күмісбай (81 кг), Нұржан Бисенов (90 кг), Дінасыл Тәттімбек (-100 кг) және Жантілек Нұртілепұлы (+100 кг) күміс жүлдемен марапатталды. Ал Алдияр Қарғұлов (60 кг), Глеб Азаров (81 кг), Асқар Біржанов (90 кг) және Нұрайлым Сәрсенбек (52 кг) үздік үштікке кірді.

Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы жалпыкомандалық есепте 17 ел ішінде 5-орынға тұрақтады.

Басқа спорттық жаңалықтар