Семсерлесу

Семсерлесуден әлем кубогінде Қазақстан жастар командасы күміс жүлде иеленді

Семсерлесуден әлем кубогінде Қазақстан жастар командасы күміс жүлде иеленді

Өткен демалыста Швейцарияда шпагамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі мәресіне жетті.

Аталған сында Қазақстан жастар командасы финалға дейін жетті.

Богдан Лукин, Алексей Касаткин және Кирилл Проходов үштігі ақтық сында Венгрия құрамасына есе жіберді.

Ал турнир барысында Польша, Швейцария мен Америка құрамаларынан басым түсті.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар