2024 Париж Олимпиадасы

"Реал" Мбаппені Париж Олимпиадасына қатыстырмауы мүмкін

twitter.com/PSG_English/

Францялық ПСЖ клубының шабуылшысы Киллиан Мбаппе Париждегі Олимпиада ойындарына қатыса ма, жоқ па деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо жазды.

Олимпиада ойындары биыл 26 ​​шілде мен 11 тамыз аралығында Франция астанасында өтеді.

"Мен әрқашан Олимпиада ойындарына қатысқым келді және менің қалауым өзгерген жоқ. Олимпиада ойындарында ойнау бұл менің арманым болатын. Бірақ маған рұқсат бермесе мен ойнамаймын. Шешімді бір адам ғана қабылдайды. Ал ол маған иә немесе жоқ деп айтқан жоқ", - деді Мбаппе.

Ал жазда Киллианды сатып алуды жоспарлап отырған мадридтік "Реал" футболшыны турнирге жібергісі келмейді. Алайда Франция президенті Эммануэль Макрон жағдайға араласып, испаниялық клубты 25 жастағы шабуылшыны Олимпиада ойындарына жіберуге көндіруі мүмкін.

Басқа спорттық жаңалықтар