Футболдан Азия кубогы: Жартылай финалға шыққан құрамалар анықталды

Қатарда өтіп жатқан футболдан Азия кубогы жартылай финалына шыққан барлық құрама белгілі болды.
Жарыстың аталған сатысына Иран, Катар, Иордания, Оңтүстік Корея құрамалары жолдама алды. 2-3 ақпан күндері ширек финал ойындары өткізілді.
Жарыстың 1/4 сатысында Иран құрамасы Жапонияны 2:1 есебімен тізе бүктірсе, Оңтүстік Корея дәл осындай есеппен овертаймда Австралияны жарыс жолынан шығарды.
Ал Иордания Тәжікстанды 1:0 есебімен жеңсе, Өзбекстан Катар кездесуінің негізгі кезеңі 1:1 есебімен аяқталып, пенальтиден қатарлықтар басым түсті.
Енді жартылай финалда 6 ақпанда Иордания мен Оңтүстік Корея, 7 ақпанда Иран мен Қатар құрамалары жасыл алаңға шығады.
Азия кубогы ойындары 1956 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Қазірге дейін Жапония - 4, Сауд Арабиясы мен Иран - 3, Оңтүстік Корея - 2, Израиль, Кувейт, Австралия, Ирак, Катар - 1 мәртеден чемпион атанды.
Дереккөз: kaz.inform