Еркін күрес

Олимпиада чемпионы Мұхамбет Қуатбек 27 жасында қайтыс болды

Олимпиада чемпионы Мұхамбет Қуатбек 27 жасында қайтыс болды
Қазақстанның күрес федераиясы

Қазақстандық еркін күрес балуаны Мұхамбет Қуатбек 27 жасында қайтыс болды, деп жазады күрес федерациясының баспасөз қызметі.

Спортшының өлім себебі айтылмады. Алайда ол АҚШ жеріде көз жұмған екен.

Мұхамбет - 54 келіде 2014 жылғы жастар Олимпиадасының жеңімпазы. Сол жылы ол жастар арасында Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, 58 келіде жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері болған. 2016 және 2017 жылдары да жастар арасында Азия чемпионатының күмісі мен қоласын жеңіп алған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар