ҚХЛ: «Барыс» қатарынан алтыншы мәрте жеңілді
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізді.
Елордалық клуб кездесуді белсенді бастады. Алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 16-минутында Аркадий Шестаков мергендік танытты.
Одан кейін реесйлік команда қатарынан үш шайба соғып кетті. Оны Михаил Гуляев 26, Николай Прохоркин 30, Сергей Бойков 59-минутта өзінің еншісіне жазды. Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 56 ойыннан кейін 44 ұпаймен 21-орында тұр. Қазақстандық ұжым енді алдағы төрт ойынды да елордада өткізеді.
Алдымен 4 және 6 ақпанда «Амур» (Хабаровск) клубымен кездессе, 8 ақпанда СКА (Санкт- Петербург), 10 ақпанда «Спартак» (Мәскеу) клубтарымен ойнайды.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Авангард» (Омск, Ресей) 1:3 (1:0, 0:2, 0:1)
Шайбалар:
1:0 — 16:39 Шестаков. В равенстве
1:1 — 26:59 Гуляев (Прохоркин, Юрчо). В равенстве
1:2 — 30:15 Прохоркин (Чмыхов, Рейнгардт). В равенстве
1:3 — 59:13 Бойков (Жафяров). В равенстве
Қақпашылар: Паскуале — Мишуров
Айыппұл: 0:4 (0:2, 0:2, 0:0).
Дереккөз: kaz.inform