Спорт

Астанада халықаралық асық ату федерациясы ашылды

Астанада халықаралық асық ату федерациясы ашылды
Асық ату федерациясы/Аяулым Әлсейітова

18 наурыз күні Астанада Көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясы ресми түрде ашылды. Аталған ұйым 12 наурызда Әділет министрлігінен тіркеуден өткен екен.

ҚР Асық ату федерациясының мәліметінше, халықаралық федерацияның президенті болып Парламент Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков сайланды.

Жаңадан құрылған федерацияға Қазақстаннан басқа, Түркия, Румыния, Моңғолия, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан, Қытай, Испания және Саха республикасы (Ресей) мүшелікке өтініш берді.

Федерация алдына Дүниежүзілік Этноспорт қауымдастығына ену, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстарын жүргізу және осы ойын аясында тұңғыш рет әлем чемпионатын өткізу секілді мақсаттар қойып отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар