Бокс

Странджа Кубогы: Боксшыларымыз жарысты сәтті бастады

 Странджа Кубогы: Боксшыларымыз жарысты сәтті бастады

Кіші әлем чемпионаты саналатын Болгариядағы Странджа кубогын қазақстандық боксшылар сәтті бастады.

Атап айтсақ, жарыстың бірінші күні шаршы алаңға Қазақстаннан төрт боксшы шығып, барлығы қарсыластарынан басым түсті.

54 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Дәулет Молдашев бірінші жекпе-жегінде қырғызстандық Руслан Эрнстуулуды жарыс жолынан тайдырды. 60 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Руслан Күзеубаев грузиялық Артюш Гомзианиден айласын асырды.

Ал 67 келі салмақта жұдырықтасып жатқан отандасымыз Дулат Бекбауов Болгариядан келген Благовест Неделчевты қапы қалдырды.

Сонымен қатар 80 келіде сынға түскен Тұрсынбай Құлахмет тағы бір болгариялық боксшы Николай Дишковты еш қиындықсыз ұтты.

Биылғы бәсекеде 28 елден 178 боксшы 13 салмақта жүлдені сарапқа салады. Аталған турнир 12 ақпанда мәресіне жетеді.

Айта кетейік, 2023 жылы өткен жарыста Оразбек Асылқұлов (57 келі) – күміс және Нұрқанат Райыс (75 келі) – қола жүлдегер атанған болатын.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар