Кәсіби бокс

Әлімханұлын айқасқа шақырған боксшы нокаутқа түсіп қала жаздады

Әлімханұлын айқасқа шақырған боксшы нокаутқа түсіп қала жаздады
Bradley Collyer/PA

Бирмингем қаласында өткен бокс кешінде орта салмақта Британия чемпионы Нейтан Хини (18-0-1, 6 KO) мен отандасы Брэд Полс (18-1-1, 10 КО) арасында жекпе-жек өтті.

Боксшылар 12 раунд жұдырықтасып, нәтижесінде төрешілер айқас тең аяқталды (115-114 Полс, 116-113 Хини және 114-114 тең) деген шешімге келді. Хини бұл кездесуде титулын сақтап қалды. Сегізінші раундта Хини нокаутпен жеңіле жаздағанын айта кетейік.

Еске салайық, бұған дейін Хини WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлын (15-0, 10 КО) бірнеше рет жекпе-жекке шақырған болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар