Футбол

"Астананың" экс бапкері қазіргі командасынан кетуі мүмкін

"Астана" ФК

Украиналық маман Роман Григорчук Одессаның «Черноморец» командасынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Football 24.

Клубтың қазіргі бас бапкеріне ковалевкалық «Колос» қызығушылық танытып отыр екен. «Колос» президенті команданың осы маусымдағы нәтижелеріне (қазіргі уақытта 9-орын) көңілі толмайтыны және одан да биік мақсаттарға қаржы жұмсауға дайын екен.

Осыған байланысты командадағы өзгерістер жаттықтырушылар штабына да әсер етеді. Команданың қазіргі бапкері Ярослав Вишняк  қызметінен кетсе, оның орнына Григорчук басты үміткер. Алайда «Колос» өкілдері бұл ақпаратты растамай отыр. 

Айта кетейік, Григорчук қазақстандық «Астана» командасын жаттықтырған, 2019 жылы ол астаналықтармен Қазақстан чемпионы болған. 

Басқа спорттық жаңалықтар