Футбол

БІр сағаттай жүрегі соқпады. Футболшының жүрегі матч үстінде тоқтап қалған

БІр сағаттай жүрегі соқпады. Футболшының жүрегі матч үстінде тоқтап қалған
Әлеуметтік желіден

Египет құрамасының ойыншысы Ахмет Рефааттың ойын үстіне жүрегі тоқтап қалған. «Фьючера» футболшысы Мысыр чемпионатының 16-турының «Аль-Иттихадқа» қарсы ойынның (0:0) 89-минутында есінен танып құлаған.

30 жастағы футболшы дереу ауруханаға жатқызылды. Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мысырлықтың жүрегі бір сағаттан артық соқпағанымен, дәрігерлер спортшыны өмірге қайтара алды. Қазіргі уақытта Ахмет Рефаат жансақтау бөлімінде жатыр. Футболшының жағдайы тұрақсыз деп бағалануда.

«Біз бұқаралық ақпарат құралдарын ойыншының жеке өміріне және оның денсаулығына құрметпен қарауға шақырамыз және мысырлық футбол жанкүйерлерінен Ахмед Рефааттың мүмкіндігінше тезірек сауығып кетуі үшін дұға етуді сұраймыз», - делінген хабарламада.

Басқа спорттық жаңалықтар