ММА

UFC МакГрегор мен Bellator чемпионының айқасын күзде ұйымдастырмақ

UFC МакГрегор мен Bellator чемпионының айқасын күзде ұйымдастырмақ
AP / John Locher

UFC президенті Дана Уайт ұйымның екі салмақта бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор мен Bellator ұйымында үш дүркін чемпион болған америкалық Майкл Чандлер арасында жекпе-жекті ұйымдастыратынын айтты. 

«Кейінірек болады. Биыл өткіземіз деген үміттемін. Нақты күнін белгілемедік. Күзге таман өткізе аламыз деген ойдамын», - деп береді Уайттың сөзін The Pat McAfee Show.

35 жастағы МакГрегор 2021 жылдан бері октагонға шықпағанын айта кетейік. 

Басқа спорттық жаңалықтар