Бокс

Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасына баратын болды

Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасына баратын болды
ҚБФ

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Бусто-Арсициода өтіп жатқап лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді, деп хабарлайды olympic.kz.

51 келіде сынға түскен Сәкен Бибосынов ширек финалда ұлыбританиялық Кириан Макдонльды 4:0 есебімен ұтты. 

Осылайша, Сәкен өзінің спорттық мансабындағы екінші Олимпиадасына аттанады. 2020 жылғы Токио Олимпиадасында Бибосынов қола жүлдегер атанған болатын.  

Басқа спорттық жаңалықтар