Теннис

Қазақстандық теннисші Мумбайдағы турнирдің жартылай финалына жетті

Қазақстандық теннисші Мумбайдағы турнирдің жартылай финалына жетті
olympic.kz

Үндістанның Мумбай қаласында өтіп жатқан "Челенджер" сериясындағы турнирдің жұптық сынында қазақстандық Жібек Құламбаева жартылай финалға дейін жетті.

Жібек оңтүстік кореялық Со Хен Пакпен бірге ширек финалда франциялық Кароль Монне және ресейлік Екатерина Яшина дуэтімен 1 сағат 20 минуттай ойнап, азиялық жұп 7:6 (7:4), 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

Құламбаева мен Пактың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Басқа спорттық жаңалықтар