0

Енді оңбайды. Джейк Пол кәсіпқой боксшымен жұдырықтаспақ

Енді оңбайды. Джейк Пол кәсіпқой боксшымен жұдырықтаспақ
"СЭ"

Бокспен шұғылданып кеткен америкалық блогер Джейк Пол (7-1) кәсіпқой боксшы Андре Аугустпен (10-1-1, 5 КО) сегіз раундты жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді. 


Жартылай орта салмақта өтетін айқас 15 желтоқсан Орландодағы Caribe Royale Resort курортында өтпек.


"Мен кәсіпқой боксшымын және әлем чемпионы болғым келеді. Сондықтан ұлылыққа жету үшін өмір бойы бокспен шұғылданғандармен айқасуым керек. Осыған дейін карьерам pay-per-view форматында болды, ал енді мәселе тек бизнесте емес. Мен тәжірибелі боксшыларға қарсы айқаста тәжірибе жинағым келеді. Мен өзімнің ұлылығымды дәлелдеймін", - дейді Пол баспасөз хабарламасында. 

Басқа спорттық жаңалықтар