Бокс
Фьюри мен Нганну жекпе-жек алдында көз арбасты

Ауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюри және UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Френсис Нганну көз арбасу рәсімін өткізді.
Боксшылар Сауд Арабиясында жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатына қатысты.
Айта кетейік, Фьюри мен Нганну 28 қазан Эр-Риядта бокс ережесі бойынша жекпе-жекке шығады. Нганну боксшы ретінде алғаш рет айқасады, алайда Фьюридің WBC титулы бұл кездесуде сарапқа салынбайды.