Хоккей

«Барыс» пен Қазақстан құрамасының экс ойнышысы карьерасын аяқтады

«Барыс» пен Қазақстан құрамасының экс ойнышысы карьерасын аяқтады
instagram.com/kazakhstanhockey/

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Барыстың» бұрынғы қорғаушысы Роман Савченко хоккейдегі мансабын аяқтады.

Өскемендік 35 жастағы түлек 11 жыл бойы Астананың «Барысы» намысын қорғады. Елордалық команданың құрамында ол 500-ден астам кездесу өткізді. Хоккейші Қазақстан құрамасы сапында тоғыз әлем чемпионатында да өнер көрсетті.

2018 жылы Роман Савченко Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Ресейге кеткен. ҚХЛ-да «Сибирь» және «Локомотив» командаларында да ойнаған. Қорғаныс ойыншысының статистикасы лигадағы 650 матчта 161 (59+102) ұпай жинаған.

2022-2023 жылғы маусымда Роман Савченко Қазақстанның кезекті чемпионатында «Номадтың» намысын қорғап, 26 кездесу өткізіп, 9 (3+6) ұпай жинады.

Басқа спорттық жаңалықтар