Бокс

Махмұт Сабырхан Олимпиадаға іріктеудің ширек финалына жетті

Махмұт Сабырхан Олимпиадаға іріктеудің ширек финалына жетті
Asian Boxing Confederation

Қазақстандық Махмұт Сабырхан Италиядағы лицензиялық турнирдің 1/8 финалында кезекті қасрыласын жеңді.

57 келіде жұдырықтасатын Махмұттың қарсыласы пуэрториколық Калеб Тирадо болды. Бұл жекпе-жекте төрешілердің бәрі жеңісті бірауыздан қазақ боксшыға берді - 5:0.

Жұдырықтасу стиліне қарай бокс сүйер қауым Василий Ломаченкоға ұқсататын қазақ боксшы осыған дейін эфиопиялық Ядес Лета мен таиландтық Саравут Суктетті жарыс жолынан шығарып тастады.

Басқа спорттық жаңалықтар