Бокс

Сәкен Бибосынов Бусто-Арсициода екінші айқаста жеңіске жетті

Сәкен Бибосынов Бусто-Арсициода екінші айқаста жеңіске жетті
ҚБФ

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде екінші жекпе-жегін өткізді.

51 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшының 1/16 финалдағы қарсыласы кениялық Давид Каранжи Мачариа болды. Сәкен бұл айқаста төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Еске салайық, Бибосынов бірінші кездесуінде гонконгтық Каннет Хин Чун Таманы нокаутпен жеңген еді.

Басқа спорттық жаңалықтар