Кәсіби бокс

Мейрәм Нұрсұлтанов әлем чемпионымен жекпе-жекке шығатыны айтылды

Мейрәм Нұрсұлтанов әлем чемпионымен жекпе-жекке шығатыны айтылды
Main Events

Бокс шолушысы әрі инсайдер Буг Уильямс орта салмақта WBC ұйымының уақытша чемпион доминиканалық Карлос Адаместің (23-1, 18 КО) келесі қарсыласы кім болатынына қатысты пайымын айтты, деп жазады.

Твиттер желесін пайдаланушылардың бірі Адаместің рингке бір жылдай уақыт шықпағанын жазды. Ал Уильямсастің пікірінше, доминиканалықтың келесі қарсыласы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) болатынына сенімді.

"Егер WBC оған қарсылас ретінде Мейірім Нұрсұлтановты белгілесе таңданбаңыздар. Бұл жігіт WBC-дің былтырғы конвенциясында жұдырықтасқан", - деп жазыпты Буг.

Айта кетейік, BoxRec порталының тұжырымы бойынша Нұрсұлтанов салмаққа қарамастан (Р4Р) Қазақстанның ең мықты боксшыларының рейтінгінде көш басына шыққан болатын. Осылайша, ол бұл рейтингте көптеген жыл көш бастап келген Головкинді алмастырды.

Басқа спорттық жаңалықтар