Бокс

Нұрбек Оралбай лицензиялық турнирдегі жеңісіне қатысты ойын айтты

Нұрбек Оралбай лицензиялық турнирдегі жеңісіне қатысты ойын айтты
olympic.kz

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Италиядағы лицензиялық тунирді жеңіспен бастағанына қатысты пікір білдірді.

80 келіде өнер көрсететін Нұрбек 1/32 финалда гаитилік Седрик Белони-Дюльепрені жеңді.

"Бүгін бірінші жекпе-жек өтті, Құдайға шүкір ойдағыдай өтті, енді алдағы жекпе-жектерде жеңіске жетіп, елімізге алтын алып баруға тырысамыз. Қарсылас мықты болды, бірақ, қазақтың бокс мектебін көрсетіп, соның арқасында жеңіске жеттім. Бұл жарысқа 103 ел қатысып жатыр, менің салмағымда 62 адам бар. Оңайға соқпайды бірақ, "шын мықтыға тұсау жоқ" дейді ғой, бар күшімізді саламыз", - дейді Оралбай.

Басқа спорттық жаңалықтар