Футбол

"Реал" ЧЛ 1/8 финалының қарымтасында "Лейпцигпен" тең түсті

Eurosport

Мадридтік "Реал" футболдан UEFA Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қарымта матчінде "Лейпцигімен" тең ойнады.

"Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды.65-минутта Винисиус Жуниор есеп ашты, үш минуттан кейін-ақ германиялықтарс апынан Вилли Орбан есепті теңестірді. Осыдан кейін есепте өзгеріс болмады. 

Бірінші ойында "Реал" 1:0 есебімен ұтқан еді. Осылайша, келесі кезеңге испаниялық клуб өтіп отыр. 

Енді 12 наурызда «Арсенал» (Англия) мен «Порту» (Португалия), «Барселона» (Испания) мен «Наполи» (Италия), 13 наурызда «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен ПСВ (Нидерланд), «Атлетико Мадрид» (Испания) пен «Интер» (Италия) келесі кезең жолдамасын сарапқа салады.

Басқа спорттық жаңалықтар