Футбол

Еуро-2024 іріктеуі: Словения Қазақстанға қарсы ойнайтын құрамын жариялады

Еуро-2024 іріктеуі: Словения Қазақстанға қарсы ойнайтын құрамын жариялады
Словения құрамасының әлеуметтік желісінен

Футболдан Словения құрамасының бас бапкері Матьяз Кек Еуро-2024 турнирінің іріктеу кезеңіндегі Дания мен Қазақстанға қарсы ойнайтын құрамын жариялады.


Бұл елдің құрамасы Даниямен 18 қараша, ал Қазақстанмен 21 қарашада кездесу өткізеді.


Словения құрамасы футболшыларының тізімі:


Қақпашылар: Ян Облак («Атлетико Мадрид», Испания), Вид Белец (АПОЭЛ, Кипр), Мартин Турк («Парма», Италия);


Қорғаушылар: Яка Бийол («Удинезе», Италия), Юре Балковец («Аланьяспор», Турция), Миха Блажич («Лех», Польша), Жан Карничник, Давид Зец (екеуі де «Целе», Словения), Ваня Дркушич («Сочи», Ресей), Эрик Янза («Гурник», Польша);


Жартылай қорғаушылар: Ясмин Куртич («Университатя Крайова», Румыния), Петар Стоянович («Сампдория», Италия), Бенджамин Вербич, Адам Гнезда Черин (екеуі де «Панатинаикос», Грекия), Миха Зайц («Фенербахче»), Санди Ловрич («Удинезе», Италия), Макс Эльшник («Олимпия», Словения), Йон-Горец Станкович («Штурм», Австралия), Ян Млакар («Пиза», Италия), Нино Жугель («Будё/Глимт», Норвегия);


Шабуылшылар: Андраж Спорар («Панатинаикос» Греция), Лука Захович («Погонь-Щецин», Польша), Беньямин Шешко («Лейпциг», Германия), Жан Випотник («Бордо», Франция).

Басқа спорттық жаңалықтар