Теннис

Қазақстандық теннисші Недовесов Болгариядағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші Недовесов Болгариядағы турнирдің ширек финалына өтті
olympic.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Недовесов София (Болгария) ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Kazinform.


Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге алғашқы айналымда жарыстың 4-ракеткалары, аустриялықтар Александр Эрлер – Лукас Мидлермен кортқа шықты. Қазақстандық-эквадорлық жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында олар 3 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.


Александр Недовесов – Гонсало Эскобар жартылай финалға шығу үшін болгариялықтар Янаки Милев – Петр Нестеровпен шеберлік таластырады.


Тағы бір қазақстандық Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге ширек финалда аустралиялықтар Джон Патрик Смит – Макс Перселден өтуге тырысады.

Басқа спорттық жаңалықтар