ММА

Бекзатта мүмкіндік жоқ па? Менеджер Нурмагомедовті ешкім жеңе алмайтынын айтты

Бекзатта мүмкіндік жоқ па? Менеджер Нурмагомедовті ешкім жеңе алмайтынын айтты
Global Look Press

Бір кездері Хабиб Нурмагомедовтің ісін жүргізген белгілі менеджер Али Абдель-Азиз өте жеңіл салмақта топ-15 тізімдегі ешбір файтер Умар Нурмагомедовке (16-0) қарсы бір раунд та шыдай алмайтынын айтады.

3 наурыз Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) Умар қазақстандық Бекзат Алмаханмен (17-1) жекпе-жек өткізеді.

"Мен матчмейкер Шон Шелбиге алғыс айтамын, ол Умармен жұдырықтасуды ұсынып барлық файтерлерге қоңырау шалды. Ақыры Қазақстаннан бір жігітті тапты. Дивизиондағы топ-15 тізімде ешкім Уамрға қиындық көрсете алмайды. Ол бөлек. Ол UFC-дің ең мықты чемпиондарының бірі болады деген ойдамын. Топ-15 тізімдегі файтерлердің ешбірі Умармен бір раунд та шыдамайды. Оны жеңудің жалғыз жолы - лаки-панч қана. Оның соққы жасауы, белдесуі мен грэпплингі басқа деңгейде, 27 жаста, менталитеті бөлек және рейтингтегі орнына қарамастан кез келген қарсыласпен айқасуға дайын", - дейді Абдель-Азиз The Schmo басылымына сұхбатында.

Басқа спорттық жаңалықтар