Теннис
Михаил Кукушкин Бахрейндегі жарысты сәтті бастады
Қазақстандық, әлемнің 231-ракеткасы Михаил Кукушкин Манама (Бахрейн) челленджер турнирін сәтті бастады.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 174-ракеткасы, чехиялық Далибор Сврчинамен өткізді.
Михаил Кукушкин қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Сағат жарымға созылған бәсеке барысында ол 2 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Сврчина 4 эйс жасағанымен, 7 брейк-пойнттың бірде-біреуін пайдалана алмады.
Кукушкин ширек финалға шығу үшін әлемнің 158-ракеткасы, швециялық Элиас Имер немесе рейтингіде 181-сатыдағы швейцариялық Александр Ришардың біреуінен өтуге тырысып көреді.
Дереккөз: kaz.inform