Футбол

«Астана» испаниялық тәжірибелі шабуылшыны сапына қоспақ

«Астана» испаниялық тәжірибелі шабуылшыны сапына қоспақ
"Висла" ФК

Грекиялық «Ламияның» испаниялық шабуылшысы Карлитос «Астана» футбол клубына ауысады, деп жазады Gazzetta.gr. 

Грекиялық «Ламия» мен «Астана» 33 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді. Transfermarkt.de мәліметінше, футболшының трансферлік құны 300 мың еуро (145 миллион теңге).

Шабуылшы өткен жазда «Ламияға» еркін агент ретінде ауысқан, осы маусымда грекиялық команда үшін 21 матч өткізіп, 10 гол салды және 5 нәтижелі пас берді.

Ал жалпы карьерасында Карлитос испаниялық «Торрельяно», «Эльче», «Онтеньенте», «Фуэнлабрада», «Новельда», «Эльденсе» және «Вильярреал Б», ресейлік «Петротрест», кипрлік «Арис», польшалық «Висла» (Краков) және «Легия», араб әмірліктерінң «Әл-Вахда» және грекиялық «Панатинаикос» клубтарында өнер көрсеткен.

Басқа спорттық жаңалықтар