Су спорты

Қазақстан су спортынан АЧ-де үшінші алтын жеңіп алды

Қазақстан су спортынан АЧ-де үшінші алтын жеңіп алды
Иллюстрациялық сурет

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үшінші алтын медалін жеңіп алды.

Осы жолы алтынды 50 метрге шалқалай жүзуден 15-17 жас аралығындағы санатта (В тобы) отандасымыз Егор Попов жеңіп алды. Ол аталған қашықтықты 26.15 секундта жүзіп өтіп, Азия чемпионы атанды.

Сонымен қатар, ел қоржынына тағы екі күміс, бір қола медаль түсті. Диана Тасжанова ересектер арасында 800 метрге еркін әдіспен жүзуде қола медаль жеңіп алды (8:58.86). Бұл - Дианадан осы біріншіліктегі екінші жүлдесі. Ол осыған дейін 200 метрге еркін әдіспен жүзуде күміс жүлдені қанжығасына байлаған болатын.

Сондай-ақ, Қазақстан ерлер құрамасы мен әйелдер құрамасы эстафетада (4×100 м) күміс медаль жеңіп алды.

Басқа спорттық жаңалықтар