Футбол

Иско севильялық клубпен келісімшартын ұзартады

Иско севильялық клубпен келісімшартын ұзартады
Global Look Press

Испаниялық «Бетистің» жартылай қорғаушысы Иско севильялық клубпен жаңа келісімшарт жасайды. Бұл туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлап отыр.

Оның сөзінше, 31 жастағы испаниялықпен жаңа келісімшарт 2027 жылға дейін жасалады. Ал оның қазіргі келесімшарты маусым соңында аяқталады. 

Иско «Бетис» сапында биыл шілдедені бастап өнер көрсетіп келеді. Команда үшін 23 матчте футболшы 3 гол салып, төрт ассист жасады.

Басқа спорттық жаңалықтар