0

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Challenge Cup турнирінде алтын жеңіп алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Challenge Cup турнирінде алтын жеңіп алды
olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров Нидерланд Корольдігінің Тильбург қаласында өткен Challenge Cup турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Михаил кеше қысқа бағдарламада 85.75 балл жинап, 2-сатыға жайғасқан. Бүгін еркін жаттығуда жинақы өнер көрсетіп, 270.59 ұпаймен суырылып алға шықты. Жалпы есепте - 256.34 балл. Күміс медаль 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 3-орын алған Тацуя Цубоидың (Жапония) еншісінде. Қола тағы бір жапон мәнерлеп сырғанаушысы, 2022 жылғы 4 құрлық чемпионатының күміс жүлдегері Казуки Томоноға бұйырды (251.61 балл).

Бұл турнирге барлығы 32 мемлекеттен 157 спортшы қатысты.


Басқа спорттық жаңалықтар